Мазмұнға өту
Бейіндік пән · физ-мат, инфо-мат, гео-мат

ҰБТ-ға математикадан онлайн дайындық

ҰТО спецификациясының 10 бөлімі 0-ден: видеосабақ, тақырыптық тест, аптасына 2 эфир және С деңгейлі есептер талдауы.

тапсырма ҰБТ-да
40
балл ең жоғары
50
спецификация бөлімі
10
эфир аптасына
2

Кімге арналған

  • 10-11-сынып оқушыларына
  • Физ-мат, инфо-мат немесе гео-мат жұбын тапсыратындарға
  • Математиканы 0-ден немесе жүйелеп қайталағысы келетіндерге

Нәтиже

  • Спецификацияның 10 бөлімі толық өтіледі
  • В және С деңгейлі есептер мен контексттік сұрақтарды шығару жолдарын талдау
  • Ай сайын ҰБТ форматындағы сынақпен деңгейді тексеру

Курс бағдарламасы

Тақырыптар ҰТО-ның «2026 жылдан бастап қолдану үшін» спецификациясы бойынша. Әр бөлімде видеосабақ, конспект және тест.

ҰБТ-дағы тапсырмалар

  • 25 - бір дұрыс жауапты
  • 5 - контекст бойынша (1 контекст)
  • 5 - бір немесе бірнеше дұрыс жауапты
  • 5 - сәйкестікті анықтау
ҰТО спецификациясы (PDF)

ҰБТ 2027 спецификациясы: математикадан қандай тақырыптар бар?

1Сандар

4 тақырып
  1. Түбірлерге амалдар қолдану. Санды және әріпті өрнектер. Бүтін және бөлшек өрнектер.
  2. Дәрежелерге амалдар қолдану.
  3. Тригонометрия.
  4. Алгебралық өрнектер және түрлендірулер. Формулалар. Қысқаша көбейту формулалары. Бөлшектің дәрежесі. Көпмүшені жіктеу. Алгебралық өрнектерді ықшамдау.

2Теңдеулер

3 тақырып
  1. Сызықтық теңдеулер. Квадрат теңдеулер. Бөлшек-рационал теңдеулер.
  2. Тригонометриялық теңдеулер. Иррационал теңдеулер.
  3. Көрсеткіштік теңдеулер. Логарифмдік теңдеулер.

3Теңдеулер жүйесі

2 тақырып
  1. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі.
  2. Тригонометриялық теңдеулер жүйелері. Иррационал теңдеулер жүйелері. Көрсеткіштік теңдеулер жүйелері. Логарифмдік теңдеулер жүйелері.

4Теңсіздіктер

1 тақырып
  1. Сызықтық, квадрат және рационал теңсіздіктер. Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктер. Қарапайым иррационал теңсіздіктер. Көрсеткіштік теңсіздіктер. Логарифмдік теңсіздіктер.

5Теңсіздіктер жүйесі

1 тақырып
  1. Сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар бөлшек-рационал теңсіздіктер жүйесі. Сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі. Көрсеткіштік теңсіздіктер жүйесі. Логарифмдік теңсіздіктер жүйесі

6Тізбектер

1 тақырып
  1. Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар.

7Математикалық модельдеу мен талдау

1 тақырып
  1. Математикалық анализ бастамалары. Математикалық модельдеудің көмегімен есеп шығару.

8Планиметрия

2 тақырып
  1. Геометриялық фигуралар туралы түсінік. Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы.
  2. Метрикалық қатыстар. Векторлар және түрлендірулер.

9Стереометрия

2 тақырып
  1. Кеңістіктегі геометриялық фигуралар туралы түсінік.
  2. Кеңістіктегі метрикалық қатыстар.

10Кеңістіктегі векторлар мен түрлендірулер

1 тақырып
  1. Кеңістіктегі векторлар мен түрлендірулер.

Тақырыптар 2026 жылдан бастап қолданылатын ҰТО спецификациясынан алынған; Ғылым және жоғары білім министрінің сөзінше (28.08.2026), ҰБТ-2027 әдеттегі форматта өтеді.

Барлық пәндер бойынша ҰБТ 2027 спецификациясы

Сабақтар қалай өтеді

  1. 1Видеосабақ - күн сайын, конспектпен
  2. 2Тақырыптық тест - әр сабақтан кейін 10 сұрақ
  3. 3Тікелей эфир - аптасына 2 рет, В және С деңгейі
  4. 4Кураторлық сағат - сұрақ-жауап
  5. 5Менторға зачет - өткен тақырыптар бойынша
  6. 6Апталық және айлық тест - ҰБТ сынағымен

Мұғалім

Ердәулет Төрехан

Ердәулет Төрехан

Математика
  • БИЛ түлегі, 10 жылдық ҰБТ, НЗМ, БИЛ тәжірибесі.
  • Тестологияда 6 жыл, СНТА дипломының иегері.
  • IELTS, CELTA және Cambridge сертификаттары бар.
  • Бірнеше дайындық оқулықтарының авторы.
Мұғалім туралы

Математика бойынша ҰБТ сұрақтары (жауаптарымен)

  • Тізбектер

    Арифметикалық прогрессияда a₁ = 3, d = 4. Алғашқы 10 мүшесінің қосындысын табыңыз.

    • A) 180
    • B) 210
    • C) 220
    • D) 240
    Жауабы: B. S₁₀ = (2·3 + 9·4)·10 / 2 = 42·5 = 210.
  • Теңсіздіктер

    2x - 5 > 3 теңсіздігін шешіңіз.

    • A) x > 1
    • B) x > 4
    • C) x < 4
    • D) x > -1
    Жауабы: B. 2x > 8, сондықтан x > 4.
  • Планиметрия

    Үшбұрыштың екі қабырғасы 6 және 8, олардың арасындағы бұрыш 30°. Ауданын табыңыз.

    • A) 12
    • B) 24
    • C) 12√3
    • D) 48
    Жауабы: A. S = ½·6·8·sin 30° = 24·½ = 12.

ҰБТ форматындағы мысалдар, ҰТО банкінен емес.

ҰБТ-ға математикадан нөлден қалай дайындалу керек

Айлар бойынша жоспар: спецификацияның 10 бөлімі, жиі қателер және чек-лист. Өз бетіңізше де қолдануға болады.

Баға

11-сыныпқа арналған онлайн курс - айына 38 000 тг-ден немесе жылына 229 000 тг-ден, баға пән санына байланысты. Видеосабақтар мен 10-сыныпқа арналған курстың бағасын менеджерден нақтылаңыз: өтінім қалдырыңыз, менеджер WhatsApp арқылы жазады.

Айлық төлемЖылдық төлем
1 пән38 000 тг229 000 тг
2 пән44 000 тг329 000 тг
3 пән58 000 тг399 000 тг

Оқушыларымыздың нәтижелері

Оқушылар тізіміндегі үздік нәтиже - 140 баллдан 137. Есімдері мен сертификаттары - нәтижелер бетінде.

Барлық нәтижелер

Математика бойынша сұрақтар

Математикадан ҰБТ-да неше сұрақ бар?

40 тапсырма, ең жоғары балл - 50. ҰТО спецификациясы бойынша базалық (А) деңгейдегі тапсырмалар - 50 %, орташа (В) - 30 %, жоғары (С) - 20 %.

Қандай тапсырма түрлері бар?

25 тапсырма - төрт жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдау (25 балл), 5 - контекстке негізделген (5 балл), 5 - сәйкестікті анықтау (10 балл), 5 - бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау (10 балл).

Математиканы 0-ден бастауға бола ма?

Иә. ҰТО бекіткен барлық тақырыптар нөлден өтеді: видеосабақтар, әр сабақтан кейін тесттер, аптасына 2 рет тікелей эфир, куратор мен ментор.

Математикалық сауаттылықтан айырмашылығы неде?

Математикалық сауаттылық - бәріне міндетті 10 сұрақтық тест, оның видеосабақтары курсқа тегін кіреді. Бейіндік математика - 40 тапсырма.

Тікелей эфир аптасына неше рет өтеді?

Аптасына 2 рет. Эфирде мұғалім В және С деңгейлі теориялық сұрақтар мен есептерді талдайды.

ҰБТ-ға математикадан дайындық қанша тұрады?

11-сыныпқа арналған онлайн курс: 1 пән - айына 38 000 тг немесе жылына 229 000 тг, 2 пән - 44 000 немесе 329 000 тг, 3 пән - 58 000 немесе 399 000 тг. Видеосабақтар мен 10-сыныпқа арналған курстың бағасын менеджерден нақтылаңыз: осы беттегі формада өтінім қалдырыңыз, менеджер WhatsApp арқылы жазады.

Сондай-ақ қараңыз

Курсқа жазылу

Тілді, сыныпты және бейіндік пәндерді таңдаңыз - дайын хабарламасы бар WhatsApp ашылады. Менеджер жауап беріп, тариф таңдауға көмектеседі.

Оқу тілі
Сынып
WhatsApp-қа жіберу